Кетазол в таблетках — инструкция по применению

Инструкция по применению кетазола в таблетках, описание действия препарата, показания к применению таблеток кетазола, взаимодействие с другими лекарствами, применение кетазола (таблетки) при беременности. Инструкции:
Торговое название: Кетазол
Международное название: Кетоконазол
Лекарственная форма: Таблетки 200 мг
Показания к применению:
Атс классификация:
J Противомикробные средства для системного применения
J02 Противогрибковые средства для системного применения
J02A Противогрибковые средства для системного применения
J02A B Производные имидазола
Фарм. группа:
Противогрибковые препараты для системного использования, производные имидазола. Кетоконазол. Код АТХ J02AB02
Условия хранения:
Хранить в сухом, защищенном от света месте, при температуре не выше 25оС. Хранить в недоступном для детей месте!
Срок хранения:
3 года. Не использовать по истечении срока годности.
Условия продажи: По рецепту
Описание:
Таблетки белого или почти белого цвета, плоскоцилиндрической формы, на одной стороне таблетки имеется фаска и риска, на другой - фаска и фирменный логотип в виде креста.

Состав кетазола в таблетках

Одна таблетка содержит
Бір таблетка құрамында

Активное вещество кетазола

кетоконазол 200.0 мг
200.0 мг кетоконазол

Вспомогательные вещества в кетазоле

актозы моногидрат, целлюлоза микрокристаллическая, повидон (поливинилпирролидон), натрия крахмала гликолят, кремния диоксид коллоидный безводный (аэросил), магния стеарат
лактоза моногидраты, микрокристалды целлюлоза, повидон (поливинилпирролидон), натрий крахмалы гликоляты, сусыз коллоидты кремнийдің қостотығы (аэросил), магний стеараты

Показания к применению таблеток кетазола

Кетазол показан только для лечения жизнеугрожающих системных (глубоких) микозов:
  • бластомикоз
  • кокцидиоидомикоз
  • гистоплазмоз
  • хромомикоз
  • паракокцидиомикоз
Из-за риска гепатотоксичности, таблетки Кетазол следует использовать только в тех случаях, когда потенциальная польза перевешивает потенциально возможный вред, также принимая во внимание наличие местных лекарственных форм кетоконазола и других препаратов.
Кетазол тек өмірге қауіп төндіретін жүйелі (терең) микоздарды емдеу үшін көрсетілген:
  • бластомикозда
  • кокцидиоидомикозда
  • гистоплазмозда
  • хромомикозда
  • паракокцидиомикозда
Гепатоуыттылық қаупіне байланысты, Кетазол таблеткаларын тек, ықтимал пайдасы болуы мүмкін зиянынан асып түсетін жағдайда ғана, сондай-ақ кетоконазол мен басқа препараттардың жергілікті дәрілік түрлерінің бар екендігін ескере отырып пайдалану керек.

Противопоказания кетазола в таблетках

  • повышенная чувствительность к компонентам препарата
  • острые или хронические заболевания печени
  • беременность и период лактации
  • детский возраст до 18 лет
  • одновременный прием с астемизолом, цизапридом, терфанидином, домперидоном, мидазоламом, статинами (симвастатин и ловастатин), алкалоидами спорыньи (дигидроэрготамин, эргометрин или эргоновин, эрготамин и метилэргометрин или метилэргоновин), эверолимусом
  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық
  • бауырдың жедел және созылмалы аурулары
  • жүктілік және лактация кезеңі
  • 18 жасқа дейінгі балаларға
  • астемизолмен, цизапридпен, терфанидинмен, домперидонмен, мидазоламмен, статиндермен (симвастатин және ловастатин), қастауыш алкалоидтарымен (дигидроэрготамин, эргометрин немесе эргоновин, эрготамин және метилэргометрин немесе метилэргоновин), эверолимуспен бір мезгілде қабылдау

Побочные действия таблеток кетазола

Часто
  • головная боль, нарушение функции печени
  • рвота, тошнота, боль в животе, диарея, вздутие живота, гепатит, желтуха.
Редко
  • головокружение, сухость во рту, дисгевзия, запор, изменение цвета языка
  • обратимое повышение активности ферментов печени, повышение аппетита
  • нарушение менструального цикла
  • фотофобия
  • парестезия, сонливость, повышенная возбудимость, бессонница, тревога, утомляемость, общая слабость
  • ортостатическое понижение давления
  • аллергические реакции, включая крапивницу, анафилактический шок, анафилактические реакции, ангионевротический отек
  • алопеция, дерматит, эритема, мультиформная эритема, зуд, сыпь
  • непереносимость алкоголя, анорексия, гиперлипидемия, носовое кровотечение,ксеродермия, «приливы» крови
  • миалгия
В единичных случаях
  • тромбоцитопения
  • импотенция
  • лихорадка, периферический отек, озноб
  • временное снижение уровня тестостерона в плазме
  • гинекомастия и олигоспермия, снижение сексуальной активности
  • гепатит (обратимый при немедленной отмене препарата)
  • псевдоанафилактический шок
Очень редко
  • обратимое повышение внутричерепного давления, артралгия
  • тяжелая гепатотоксичность, включая холестатический гепатит, цирроз печени, печеночную недостаточность
  • фоточувствительность, острый генерализованный экзематозный пустулез
  • адренокортикальная недостаточность
  • эректильная дисфункция, азооспермия при дозах, превышающих терапевтические-200 или 400 мг
Жиі
  • бас ауыруы, бауыр функциясының бұзылуы
  • құсу, жүрек айнуы, іштің ауыруы, диарея, іштің кебуі, гепатит, сарғаю.
Сирек
  • бас айналуы, ауыздың құрғауы, дисгевзия, іштің қатуы, тіл түсінің өзгеруі
  • бауыр ферменттері белсенділігінің қайтымды жоғарылауы, тәбеттің жоғарылауы
  • етеккір оралымының бұзылуы
  • фотофобия
  • парестезия, ұйқышылдық, қатты қозу, ұйқысыздық, үрей, қажығыштық, жалпы әлсіздік
  • қысымның ортостатикалық төмендеуі
  • аллергиялық реакциялар, есекжемді, анафилактикалық шокты қоса, анафилактикалық реакциялар, ангионевротикалық ісіну
  • алопеция, дерматит, эритема, мультиформалы эритема, қышыну, бөртпе
  • алкогольді көтере алмаушылық, анорексия, гиперлипидемия, мұрыннан қан кету, ксеродермия, «қан тебулер»
  • миалгия
Жекелеген жағдайларда
  • тромбоцитопения
  • импотенция
  • қызба, шеткергі ісіну, қалтырау
  • плазмадағы тестостерон деңгейінің уақытша төмендеуі
  • гинекомастия және олигоспермия, сексуалдық белсенділіктің төмендеуі
  • гепатит (препаратты дереу тоқтатқанда қайтымды)
  • жалған анафилактикалық шок
Өте сирек
  • бассүйекішілік қысымның қайтымды жоғарылауы, артралгия
  • ауыр гепатоуыттылық, холестаздық гепатитті, бауыр циррозын, бауыр жеткіліксіздігін қоса
  • фотосезімталдық, жедел жайылған экзематоздық пустулез
  • адренокортикальді жеткіліксіздік
  • эректильді дисфункция, 200 немесе 400 мг асатын емдік дозаларындағы азооспермия

Особые указания к применению

Кетазол рекомендуется назначать только в тех случаях, когда ожидаемая польза превышает потенциальный риск, принимая во внимания наличие других противогрибковых препаратов.

Гепатотоксичность
Перед началом лечения необходимо оценить функцию печени для исключения острых или хронических заболеваний, во время лечения необходимо часто и регулярно мониторировать функцию печени у всех пациентов для того, чтобы не пропустить первые признаки гепатотоксичности. На фоне приема пероральных форм кетоконазола сообщалось об очень редких случаях возникновения тяжелой гепатотоксичности, включая случаи с фатальным исходом или случаи, требующие пересадки печени. У некоторых пациентов не было выявлено очевидных факторов риска в отношении поражения печени. Несколько таких случаев возникло в первый месяц терапии, а некоторые – в первую неделю лечения. Суммарно полученная доза кетоконазола является фактором риска тяжелой гепатотоксичности. В связи с этим рекомендуется регулярно контролировать функцию печени у пациентов, получающих терапию кетоконазолом. Пациентов следует предупредить о необходимости немедленно связаться со своим врачом в случае возникновения симптомов, предполагающих возникновение гепатита, а именно: анорексии, тошноты, рвоты, слабости, желтухи, боли в животе и потемнения мочи. В случае появления таких симптомов необходимо немедленно прекратить терапию и провести исследование функции печени. Пациентам с повышением активности печеночных ферментов или при перенесенном токсическом поражении печени вследствие приема других препаратов не следует назначать лечение препаратом Кетазол исключением тех случаев, когда ожидаемая польза оправдывает риск поражения печени. В этих случаях необходимо во время лечения контролировать уровень печеночных ферментов.

Если для лечения кожных поражений применяли глюкокортикостероиды, то кетоконазол следует назначать не ранее чем через 2 недели. С осторожностью следует назначать женщинам старше 50 лет. Кетоконазол может подавлять метаболизм лекарственных препаратов, расщепляемых некоторыми печеночными ферментами системы цитохрома Р450, особенно из группы CYP3A. При одновременном приеме с такими препаратами может быть усиление или пролонгирование их действия и возможных нежелательных побочных реакций (НПР). В таких случаях необходимо за их уровнями в плазме, нежелательными побочными реакциями.

При одновременном приеме с алкоголем может возникнуть дисульфирам-подобная реакция, характеризующаяся покраснением кожи, сыпью, отеками, тошнотой и головной болью. У пациентов со сниженной кислотностью желудочного сока уменьшается абсорбция Кетазола. Пациенты, получающие антациды, должны принимать эти препараты не ранее чем через 2 часа после приема Кетазола. Во время лечения препаратом Кетазол у пациентов с адреналовой недостаточностью, а также при длительном применении рекомендуется контролировать функцию надпочечников. Больным СПИДом и лицам, получающим антисекреторные препараты (антагонисты гистаминовых Н2-рецепторов или ингибиторы протонового насоса), рекомендуется запивать таблетки Кетазола напитками Пепси-Кола или Кока-Кола. Грибковый менингит не следует лечить препаратом Кетазол, так как он плохо проникает через гематоэнцефалический барьер.

Беременность и период лактации
Кетазол проникает в грудное молоко, в связи с этим не рекомендуется назначать во время грудного вскармливания.

Особенности влияния лекарственного средства на способность управлять транспортным средством или потенциально опасными механизмами
Учитывая побочные действия препарата необходимо соблюдать осторожность при управлении транспортным средством и другими потенциально опасными механизмами.
Кетазолды тек күтілетін пайда ықтималдығы қатерден асып түскен жағдайларда ғана, басқа зеңге қарсы препараттардың бар екендігін назарда ұстай отырып, тағайындау ұсынылады.

Гепатоуыттылығы
Емдеуді бастар алдында жедел немесе созылмалы ауруларының бар-жоқтығын анықтау үшін бауыр функциясына баға беру қажет, емдеу кезінде гепатоуыттылығының барлық белгілерін жіберіп алмас үшін, барлық емделушілерде жиі және жүйелі түрде бауыр функциясына мониторинг жүргізу қажет. Кетоконазолдың ішу арқылы қабылданатын түрлерін қабылдау аясында фатальді немесе бауырды ауыстырып қондыруды қажет ететін ауыр гепатоуыттылық туындаған аса сирек жағдайлар туралы хабарланған. Кейбір емделушілерде бауырдың зақымдануына қатысты нақты қауіп факторлары анықталмаған. Мұндай жағдайлардың бірнешеуі емдеудің алғашқы айында, ал кейбірі – емдеудің алғашқы аптасында туындаған. Кетоконазолдың алынған қосынды дозасы ауыр гепатоуыттылығының қауіп факторы болып табылады. Осыған байланысты кетоконазолмен ем қабылдап жүрген емделушілерде бауыр функциясын жүйелі түрде бақылауға алу керек. Емделушілерге гепатиттің туындауын білдіруі мүмкін симптомдар, атап айтқанда: анорексия, жүрек айнуы, құсу, әлсіздік, сарғаю, іштің ауыруы және несептің қараюы туындаған жағдайда өз дәрігеріне хабарласу қажеттігі туралы ескерту керек. Мұндай симптомдар пайда болған жағдайда емдеуді дереу тоқтату және бауыр функциясына зерттеу жүргізу қажет. Бауыр ферменттері белсенділігінің жоғарылауы бар емделушілерге немесе бастан өткерген басқа препараттарды қабылдаудың салдарынан болған бауырдың уытты зақымдануы кезінде күтілетін пайдасы бауырдың зақымдану қаупін ақтай алатын жағдайлар болмаса, Кетазол препаратымен емдеуді тағайындамаған дұрыс. Бұл жағдайларда емдеу кезінде бауыр ферменттерінің деңгейін бақылауда ұстау қажет.

Егер терінің зақымдануларын емдеу үшін глюкокортикостероидтар қолданылса, онда кетоконазолды 2 аптадан ерте тағайындамау керек. 50 жастан асқан әйелдерге сақтықпен тағайындау керек. Кетоконазол Р450 цитохромы жүйесінің кейбір бауырлық, әсіресе CYP3A тобының ферменттері ыдырататын дәрілік препараттардың метаболизмін бәсеңдетуі мүмкін. Мұндай препараттармен бір мезгілде қабылдағанда олардың әсері мен болуы мүмкін жағымсыз реакциялары (МЖР) күшеюі немесе ұзаққа созылуы мүмкін. Мұндай жағдайларда олардың плазмадағы деңгейлеріне, күтпеген жағымсыз реакцияларына бақылау жүргізу қажет.

Алкогольмен бір мезгілде қабылдағанда терінің қызаруымен, бөртпемен, ісінулермен, жүрек айнуымен және бас ауыруымен сипатталатын дисульфирам тәрізді реакция туындауы мүмкін. Асқазан сөлінің қышқылдылығы төмен емделушілерде Кетазолдың сіңірілуі азаяды. Антацидтерді қабылдап жүрген емделушілер, бұл препараттарды Кетазолды қабылдағаннан кейін 2 сағаттан ерте қабылдамауы тиіс.

Кетазол препаратымен емдеу кезінде адреналдық жеткіліксіздігі бар емделушілерде, сондай-ақ ұзақ уақыт қолданғанда, бүйрекүсті бездерінің функциясын бақылауда ұстау ұсынылады. ЖИТС-пен науқастарға және антисекреторлық препараттарды қабылдап жүрген адамдарға (гистаминдік Н2-рецепторлардың антагонистері немесе протондық сорғы тежегіштері), Кетазол таблеткаларын Пепси-Кола немесе Кока-Кола сусындарымен ішу ұсынылады. Зеңдік менингитті Кетазол препаратымен емдемеген дұрыс, өйткені ол гематоэнцефалдық бөгет арқылы нашар өтеді.

Жүктілік және лактация кезеңі
Кетазол емшек сүтіне енеді, осыған байланысты бала емізу кезінде тағайындамаған дұрыс.

Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері
Препараттың жағымсыз әсерлерін ескере отырып, көлік құралдарын немесе қауіптілігі зор басқа механизмдерді басқаруда сақ болу қажет.

Дозировка и способ применения

В связи с гепатотоксичностью Кетазол рекомендуется применять только в тех случаях, когда другие противогрибковые препараты не эффективны. При системных микозах назначается взрослым по 1 таблетке 1раз в день, в случае отсутствия эффекта доза может быть увеличена до 2-х таблеток в день в течение 10 дней, курс лечения более 10 дней может быть продолжен только после оценки ответа на терапию и контроля функции печени. Длительность лечения зависит от основного заболевания и определяется лечащим врачом.

По всем показаниям лечение должно проводиться непрерывно, пока клинические параметры и лабораторные показатели не будут свидетельствовать об эрадикации возбудителя. Неадекватная продолжительность лечения может привести к рецидиву инфекции. Тем не менее, при появлении признаков и симптомов гепатита, таких как анорексия, тошнота, рвота, повышенная утомляемость, желтуха, боль в животе и темный цвет мочи, следует незамедлительно прекратить лечение и лабораторно оценить функцию печени.
Гепатоуыттылығына байланысты Кетазолды басқа зеңге қарсы препараттар тиімсіз болған жағдайда ғана қолдану ұсынылады. Жүйелі микоздар кезінде ересектерге күніне 1 рет 1 таблеткадан тағайындалады, ал әсері болмаған жағдайда дозасын 10 күн бойы күніне 2 таблеткаға дейін арттыруға болады, 10 күннен артық емдеу курсын емдеуге берілген жауап пен бауыр функциясына баға беруден кейін ғана жалғастыруға болады. Емдеу ұзақтығы негізгі ауруға байланысты және емдеуші дәрігер анықтайды.

Барлық көрсетілімдер бойынша емдеу үздіксіз, клиникалық параметрлер мен зертханалық көрсеткіштер қоздырғыштың эрадикациясын көрсеткенше жүргізілуі тиіс. Емдеудің талапқа сай келмейтін ұзақтығы жұқпаның рецидивіне алып келуі мүмкін. Дегенмен, анорексия, жүрек айнуы, құсу, қатты қажығыштық, сарғаю, іштің ауыруы және несептің қараюы сияқты гепатит симптомдары пайда болса, дереу емдеуді тоқтату және бауыр функциясына зертханалық жолмен баға беру керек.

Взаимодействие с лекарствами

При одновременном применении с рифампицином, изониазидом рифабутином, невирапином и фенинтоином отмечается снижение концентрации кетоконазола в плазме крови. При одновременном приеме с препаратом (ритонавир), повышающим биодоступность кетоконазола, необходимо уменьшить дозу последнего. Совместный прием нижеперечисленных групп препаратов с Кетазолом должен быть тщательно проанализирован и при необходимости их доза должна быть уменьшена:
  • антикоагулянты пероральные
  • ингибиторы ВИЧ-протеазы (индинавир, саквинавир)
  • некоторые противоопухолевые препараты (иматиниб и эрлотиниб, доцетаксел и бисульфан, алкалоиды Барвинка розового)
  • расщепляемые ферментом CYP3A4 блокаторы «медленных кальциевых каналов» дигидропиридинового ряда (верапамил)
  • некоторые иммуносупрессивные средства (циклоспорин, токролимус, сиролимус)
  • аторвастатин, глюкокортикоиды, дигоксин, алфентанил, алпразолам, бротизолам, буспирон, карбамазепин, циклотазол, эбастин, фентанил, мидозалам для внутривенного применения, кветиапин, ребоксетин, репаглинад, рифабутин, силденафил, солифенацин, тольтерадин, триметрексат.
Одновременное применение с пероральными контрацептивами, с низким содержанием гормонов, могут вызывать прорывные кровотечения.
Рифампицинмен, изониазидпен, рифабутинмен, невирапинмен және фенинтоинмен бір мезгілде қолданғанда кетоконазолдың қан плазмасындағы концентрациясының төмендегені білінеді. Кетоконазолдың биожетімділігін арттыратын препаратпен (ритонавир) бір мезгілде қабылдағанда, соңғысының дозасын азайту қажет. Төменде атап келтірілген препараттардың топтарын Кетазолмен бірге қабылдау мұқият талдануы және қажет болса, олардың дозасы азайтылуы тиіс:
  • пероральді антикоагулянттар
  • АИВ протеазасы тежегіштері (индинавир, саквинавир)
  • кейбір ісікке қарсы препараттар (иматиниб және эрлотиниб, доцетаксел және бисульфан, қызғылт Қабіршөп алкалоидтары)
  • CYP3A4 ферменті ыдырататын дигидропиридиндік қатардың «баяу кальций өзекшелерінің» блокаторлары (верапамил)
  • кейбір иммуносупрессивтік дәрілер (циклоспорин, токролимус, сиролимус)
  • аторвастатин, глюкокортикоидтар, дигоксин, алфентанил, алпразолам, бротизолам, буспирон, карбамазепин, циклотазол, эбастин, фентанил, көктамыр ішіне қолдануға арналған мидазолам, кветиапин, ребоксетин, репаглинад, рифабутин, силденафил, солифенацин, тольтерадин, триметрексат.
Гормондар құрамы төмен пероральді контрацептивтермен бір мезгілде қолдану, лақылдап қан кетуді туғызуы мүмкін.

Передозировка кетазолом в таблетках

Симптомы. Наиболее частыми симптомами передозировки были: тошнота, утомляемость, включая сонливость и заторможенность, рвота, боль в животе, анорексия, включая потерю веса, потерю аппетита, гиперемия, включая повышенное потоотделение, отеки, гинекомастия, сыпь, включая экзему, пурпуру, дерматит, диарея, головная боль, дисгевзия, алопеция.

Лечение. Достаточно уменьшить дозу, а в большинстве тяжелых случаев, связанных с ощущением покалывания и спазмами, следует немедленно прекратить прием Кетазола. Необходимо вызвать рвоту, сделать промывание желудка и принять активированный уголь. Необходимо постоянное наблюдение и симптоматическое лечение. Специфического антидота нет.
Симптомдары. Артық дозалануының анағұрлым жиі кездесетін симптомдары мыналар: жүрек айнуы, қажығыштық, ұйқышылдық пен мәңгіруді қоса, құсу, іштің ауыруы, анорексия, салмақ жоғалтуды, тәбеттің болмауын қоса, гиперемия, қатты терлеуді қоса, ісінулер, гинекомастия, бөртпе, экземаны, пурпураны, дерматитті қоса, диарея, бас ауыруы, дисгевзия, алопеция.

Емі. Дозасын азайту жеткілікті, ал шаншу сезімдерімен және түйілулермен байланысты ауыр жағдайлардың көпшілігінде Кетазолды қабылдауды дереу тоқтатау керек. Құстыру, асқазанды шаю және белсендірілген көмірді қабылдау қажет. Тұрақты бақылау және белгілеріне қарай емдеу қажет. Арнайы у қайтарғысы жоқ.

Фармакологические свойства

Фармакокинетика

При приеме внутрь хорошо всасывается (особенно в кислой среде желудка). Кетоконазол хорошо растворяется в липидах, что способствует высокой биодоступности (75-90%). Cmax достигается в плазме 3,5 мг/мл через 2 часа после однократного приема внутрь 200 мг препарата во время еды. Связывается с белками плазмы (альбуминовой фракцией) составляет 99%. Незначительная часть препарата проникает в спинномозговую жидкость и мочу. Кетоконазол метаболизируется в печени, путем окисление и расщепление имадазольного и пиперазинового колец, окислительное О-деалкилирование и ароматическое гидроксилирование. Выведение из плазмы двухфазное: в течение первых 10 часов период полувыведения (Т½) составляет 2 часа, а в последующем-8 часов. Выделяется в неизменном виде и в виде неактивных метаболитов, в основном с желчью, а 13 % - с мочой, 57 % - с калом.
Ішке қабылдағанда жақсы сіңеді (әсіресе асқазанның қышқылды ортасында). Кетоконазол липидтерде жақсы ериді, бұл биожетімділігінің жоғары болуына (75-90%) ықпал етеді. 200 мг препаратты ас ішу кезінде бір рет ішке қабылдағаннан соң 2 сағаттан кейін Cmax плазмада 3,5 мг/мл жетеді. Плазма ақуыздарымен (альбумин фракциясымен) байланысуы 99% құрайды.

Препараттың аздаған бөлігі жұлын сұйықтығына және несепке өтеді. Кетоконазол имадазолды және пиперазинді сақиналардың тотықтыру және ыдырату жолымен, тотықтырушы О-деалкилдену мен хош иісті гидроксилденумен бауырда метаболизденеді. Плазмадан шығуы екі фазалы: алғашқы 10 сағат ішінде жартылай шығарылу кезеңі (Т½) 2 сағатты, ал келесіде – 8 сағатты құрайды. Өзгермеген күйде және белсенді емес метаболиттер түрінде, негізінен өтпен, ал 13 %-ы – несеппен, ал 57 %-ы – нәжіспен шығарылады.

Фармакодинамика

Кетазол оказывает противогрибковое, фунгицидное и фунгистатическое действие. Тормозит синтез эргостерола, триглицеридов и фосфолипидов, необходимых для синтеза клеточной мембраны грибков (грибки теряют способность к образованию колоний).

Активен в отношении дермафитов, дрожжей (Candida, Pityrosporum,Torulopsis, Cryptococcus), диморфных грибков и высших грибов (эумицетов). Менее чувствительны к действию кетоконазола Aspergillus spp., Sporothrix schenckii некоторые Dermatiaceae, Mucor spp. и другие фикомицеты, за исключением Enomophthorales.
Кетазол зеңге қарсы, фунгицидтік және фунгистатикалық әсер береді. Зеңдердің жасуша жарғақшалары синтезі үшін (зеңдер шоғыр түзуге қабілеттілігін жоғалтады) қажетті эргостерол, триглицеридтер мен фосфолипидтер синтезін тежейді. Дермафиттерге, ашытқыларға (Candida, Pityrosporum,Torulopsis, Cryptococcus), диморфты зеңдер мен жоғары деңгейлі зеңдерге (эумицеттер) қатысты белсенді. Кетоконазолдың әсеріне Aspergillus spp., Sporothrix schenckii, кейбір Dermatiaceae, Mucor spp.және Enomophthorales-ді қоспағанда, басқа да фикомицеттердің сезімталдығы төменірек.

Упаковка и форма выпуска

По 10 таблеток в контурную ячейковую упаковку из пленки поливинилхлоридной и фольги алюминиевой. 1 контурную ячейковую упаковку вместе с утвержденной инструкцией по медицинскому применению на государственном и русском языках помещают в пачку из картона. Пачки помещают в групповую упаковку из картона для потребительской тары или гофрированного. Допускается информацию из утвержденной инструкции по медицинскому применению на государственном и русском языках наносить на пачку.
Поливинилхлоридті үлбірден және алюминий фольгадан жасалған пішінді ұяшықты қаптамада 10 таблеткадан. 1 пішінді ұяшықты қаптамадан қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықпен бірге картоннан жасалған қорапшаға салады. Қорапшалар гофрланған немесе тұтынушы ыдысына арналған картоннан жасалған топтық қаптамаға салынады. Медицинада қолданылуы жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бекітілген нұсқаулықтағы ақпараттар қорапшаға жазылуы мүмкін.